Адастырма ойларым

Кетсем бе еліктей тау кезіп,

Киіктей қырға ауып.

Құтыла алам ба қашсам да,

Ойлардан шырмауық.

 

Ойларым барады шарықтап,

Таулармен таласып,

Түнекке жетпейін қым-қуыт,

Кетпейін адасып.

(more…)

Тамыз 12, 2011 at 4:17 am Пікір қалдыру

Арманбек

ҚазҰУ қалашығында үнемі бір жігітті көретінмін. Қашан көрсең де, домбырасын қолынан тастамайтын. Сымбатты келген ақсары баланың жасы 19-20-лардa де шамалайтынмын.

Жексенбінің тұнық кешінде достармен ауланың сәкісінде жәй ғана отырғанбыз. Қасымдағы қыз-жігіттер шулы, көңілді,әзілқой топ еді. Бір кезде әлгі мен үнемі көретін бала алдымыздан көлбең етіп өте шықты. Әлбетте, домбырасы бар…

Әрнені әңгіме қып ерігіп отырған біздің назарымыз бірден соған ауды.

-Осы жігітті күнде көремін,-деді Айбек.

-Мен де… -деді Гүлназ.

-Қызық, немен айналысады екен? Нұрғазының сұрағы.

-Музыкант шығар…-Жанел екеуіміз бірдей айтып қалыппыз…

Сыртынан тон пішкен сайын оған деген қызығушылығымыз арта түсіп, ақыры өзімізге шақырдық.

Ол бұрылып бір қарады да, жөніне жүре берді. “Өй, мынауың қайтеді ей?!” Бәрін басқарып үйреніп қалған Рауанды бейтаныс бозбаланың селқостығы кәдімгідей ызаландырып, Айбекке бір ым қақты да, екеуі ана баланы желкелегендей қып алдымызға әкелді. (more…)

Шілде 25, 2011 at 5:31 am 3 пікір

Аялдама

Күндегіше автобусымды 15минуттай күтетінімді білсем де, аялдамаға ерте келіп алмасам, көңілім көншімейді. Таңғы ауа…Жолдар…Ойлар…

…Кенет иттердің шәуілдеп үрген дауыстары шықты. Таңғы тыныштықта маужырап тұрған аялдамадағы адамдар селк етіп дауыс шыққан жаққа жалт қарастық. ҚазҰУ қалашығында өріп жүретін бұралқы иттер екен. Велосипедпен өтіп бара жатқан жігіттің жанына ерген бөтен итке сес көрсетіп жатқандағы түрлері. Қыңсылап-қыңсылап қойды. Айбат шегіп, батыл үрмеді. Ауылдың иттері бөтен ит көрсе, талап тастардай бас салмаушы ма еді. Бұлар әйтеуір үру керек секілді бір-екі шәу-шәу етті де, құйрықтарын аяқтарына қысып алып,  аялдама жанындағы дүңгіршектің көлеңкесіне үйіріліп жата қалды.

Ауылда үлкен ағам үйшігінде көз қиығымен бәрін бақылап жатқан Құтаяққа бір қарап қойып: “Осы қаланың иттері ғой бәрін біледі. Бағдаршамның жасылы жанғанда ғана жолдан өту керектігіне дейін біліп адамдармен бірге жасылды тосып тұрғанын көргенде ерекше сүйсінесің. Мына біздің Құтаяқ тек арсылдап үре беруден басқа түк білмейді”-дейтін…

Қайран Құтаяғым-ай… (more…)

Маусым 7, 2011 at 5:21 am 8 пікір

Сынмен қарау. Болат Атабаевтің ойлары

Режиссер Болат Атабаевтің тренингтеріне барып жүргенімді айтқан болатынмын.Тренингтерінің бірінде көрермен талғамы мен театр түрлері жөнінде айтқан нәрселері, сыни ойлау туралы пікірлері маған аса қызықты көрінді.

Театрдың екі түрі болады деді ол: Аристотельдік және Аристотельдік емес театр. Негізі өзі қойылым қойғанда Аристотельдік емес театрдың қағидаларына сүйеніп қояды екен. Бұл қағиданың талабы – көрермен қойылымға эмоциядан бұрын ақыл таразысымен қарайды. Яғни, Төлеген қайтыс болғандағы Қыз Жібектің зары жайындағы сюжетте көрерменнің көзіне жас алмастан бұрын сынмен қарап, ақылмен пайымдауы.

(more…)

Маусым 2, 2011 at 2:16 pm 8 пікір

Үшінші курс

      “Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе,   болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? “Абай. Он бесінші қара сөзінен.

 Бір жылдық өмірін бір жазбаға сыйғызып, өз-өзіне есеп беру – блогтарда бар дәстүр…Блогтарға ғана емес, қай-қай адамға да тән дүние.

Үшінші курс несімен есімде қалды?!.

Үшінші курстағы басты жаңалығымблог ашқаным болды ғой деймін. Қараша айында ашылған блогыма бүгінде алты ай :) )

Өмірді тереңірек түсінгендеймін. (more…)

Мамыр 21, 2011 at 3:44 am 2 пікір

Бақбақ

 Көктем шыққанда ҚазҰУ қалашығы қырмызы қыздай құлпырып кетеді. Құдды әдемі жасыл көйлек киіп алды дерсің… Әсіресе, таң рауанданып атып, күн ұясына қызара бөртіп батып бара жатқанда ерекше әсем. Ақындар таңды таңға ұрып жыр айтып тамсанатын Иран бағы да, тіпті Швейцарияңның құс тұмсығы өтпейтін қалың жыныс ормандары да ҚазҰУ қалашығының жанында айдалада қалады. Тек, мұны көретін көз, сезінетін жүрек керек…

Көктемде ҚазҰУ қалашығында түрлі шөптер, алуан гүлдер өсіп шығады. Биология факультетінде оқитын құрбым сол шөптердің сан түрін ажыратып айтып келе жатқанда аузыңның суы құриды.) (more…)

Мамыр 13, 2011 at 5:49 am 4 пікір

Ауруханадағы жарты күн немесе Үш койка.

Жұрт жексенбіде үйлерінде демалып жатса, біз тіс ауруы маза бермей,жанымызды қолымызға ұстап аурухана іздедік. Сатырлаған жаңбырда қаланың қуыс көшелерінің бірінен әйтеуір бір аурухана таптық-ау…

Жексенбіде желеулетіп жүрген тек мен бе десем, қайдааа, аурухана аузы-мұрны толған халық. Толған ауру.  Ұзыннан шұбатылған кезек. (more…)

Мамыр 9, 2011 at 4:28 pm 12 пікір

СӨЖ

 Біресе ауырып, тағы да басқа себептермен осы ағайдың сабағына келгенде, әйтеуір бір сылтау шығады да қалады. Сөйтіп жүріп, бірнеше сабағынан қалып, не тапсырманы жөнді орындап, не тақылдап сабақ айтып көрмеппін…

 Группаластардан естіген сол ағайдың «Осы қыз мүлдем оқымайтын сияқты» деген сөзі намысыма қамшы боп құлаш-құлаш етіп СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) жазып  тексертпек болдым.

Университетке келсем, дәліз абыр-сабыр. Семестрдің қорытындысы шығарылып жатқандықтан, кафедраның  кіре берісі толған студент.

 Әйтіп-бүйтіп ағайдың кафедрасына кірдім. Ағай біреулердің балдарын қорытып компьютерде отыр екен. (more…)

Сәуір 29, 2011 at 4:03 pm 3 пікір

Ұрылар…

 

Бір құрбым телефон соғып:

-Сұмдық болды, тез жетші, -деген соң құстай ұшып үйіне жеттім.

Жүрегім дүрсілдеп үйіне жайлап кірсем, бөлмеде жалғыз өзі жылап отыр.

-Өй, не болды?

-Тонап кетті… Бәрін алып кетті.

Үйіне ұры түсіпті. Түнде есіктің құлпын бұзып, үйіндегі барлық ақшаны, ұялы телефоны мен ала жаздай табанынан таусылып жүріп жұмыс жасап қолы жеткен ноутбугін қымқырып кетіпті.

-Тіпті.. Осыншама ұйқыбас болармын ба?

Жылы сөйлеген сайын жылауын үдетіп, бар мұңын ақтарып тастады.

-Тірі қалғаныңа тәуба!-дегеннен басқа аузыма сөз түспеді.

Өз басым осы жасқа дейін ұрылармен екі рет «кездестім». Соңғы жолығуым өте жақын арада болды. Оны артынан ғана көре алу мүмкін болды. Бір секундта алдыма көлбеңдеп шықты,  бір секунд… қалтама қолымды салсам, ұялы телефоным ұшты-күйлі жоқ… Алды-артыма қарайлаймын, зым-зия. Көз алдымда күжірейген желке ғана қалыпты… Сол желке қаншама адамның санасында үрей мен өкініштің белгісі боп сақталып тұр екен!.. (more…)

Сәуір 27, 2011 at 6:14 pm 9 пікір

Бағашар Тұрсынбайұлының өлеңдері-2

Бағашар Тұрсынбайұлының кім екенін блогтың алдыңғы сандарының бірінде айтып өттік :) ))

Тағы бір сатира жанрындағы өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмын!

      

   Мұқағалидің  « Райымбек, Райымбек » поэмасының ізімен.

ҚазҰУымның басынан көш келеді,

Қара бала жұлқынып бос келеді.

Қара түнді жамылып қалың журфак

Қара күнді басынан кешкен еді,

Қара тұман көрсетпей ештеңені,

Қол сілтесіп бәрі де бөскен еді,

« Ұнамайд » деп сабақтың кестелері.

Деканат жақ үндемей өшкен еді,

« Журфак жақтан дүрілдеп көш келеді!!! »

  (more…)

Сәуір 24, 2011 at 1:26 pm 8 пікір

Ескі жазбалар


“Ұшқынның” Логосы…

Туиттер

  • Дәстүрлі өнерді эстрадамен бекер салыстырып отыр жүргізуші дәстүрлі өнердің сүйкімін кетіріп... 9 hours ago
  • Үкілі Ыбырайдың кешіндемін 11 hours ago
  • Бір ырғақты тірліктің құлы боп кеткендер өзгеріске, жаңалыққа жандары қас...Сөйтіп ілбіп жүріп, бір күні өледі де қалады...((( 2 days ago
  • "Қыстың қамын жаз ойла" демекші, жеті түнде салқын сусындар туралы да ойға ала отырайық ))) massaget.kz/bastangy/kulin… 2 days ago
  • @Ashina )))) 2 days ago

Қоржын

Байланыс

Күнтізбе

Маусым 2012
Дс Сс Ср Бс Ж Сн Жк
« Aug    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Мен ғашық болған сурет

Қыз Жібек

Түйін

Дүниедегі ең жаман нәрсе - өзіңнің ақымақ боп қалғаныңды түсіну.

Жиі оқылған жазбалар

  • Жоқ

Блог қаралды

  • 14,187 рет

Feeds


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.